2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында Ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығы базасында «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: ғылым, инновациялар және Қазақстанның көшбасшылығы» тақырыбында Халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған іс-шара Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні мен Қазақстан Республикасының ғылым күні аясында ұйымдастырылды.
Конференцияны Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми Фтизиопульмонология орталығы және ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі жаһандық қор (туберкулез компоненті бойынша) бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияны ҚР ҰҒФО директоры Малик Аденов ашып, ғылым мен практикалық денсаулық сақтау саласының және халықаралық әріптестіктің туберкулезбен күрестегі маңыздылығын атап өтті.
Пленарлық отырыста құттықтау сөз сөйлегендер:
• Stop TB Partnership атқарушы директоры Лючика Дитиу (онлайн),
• Алматы қаласы ҚДСБ бас штаттан тыс фтизиатры Жанар Сапиева,
• «КАФ» ҚБ президенті Анна Цепке.
Конференция барысында туберкулезге қарсы қызметтің өзекті мәселелері, диагностика мен емдеудің инновациялық тәсілдері, сондай-ақ Қазақстанның туберкулезді жою бағытындағы жаһандық мақсаттарға жетудегі рөлі талқыланды.
Сонымен қатар, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, ғылыми зерттеулерді дамыту және профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығынан мониторинг және бағалау бөлімінің башысы Саулеш Әуезова «Мегаполистегі туберкулез: Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ерекшеліктері мен бақылау шаралары» тақырыбына презентация ұсынды.
Осындай іс-шаралар озық тәжірибе алмасуға, заманауи технологияларды енгізуге және туберкулезді қоғамдық денсаулыққа қауіп ретінде жою жолында мамандардың күшін біріктіруге мүмкіндік береді.