Мейіргер кеңесінің құрылымы және қызметін ұйымдастыру
4.1. Кеңес құрылады және оның құрамы медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
4.2. Төраға жұмысын басқарады және үйлестіреді.
4.3. Кеңес төрағасы – Фтизиопульмонология орталығының бас медбикесі
4.4. Кеңес өз қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды, бір жылға арналған жұмыс жоспарын, ұзақ мерзімді жоспарларды жасайды..
4.5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.
4.6. Хаттамаларды ресімдеу бойынша техникалық жұмысты Кеңес хатшысы жүргізеді.
4.7. Кеңестің шешімдері отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
4.8. Кеңестің құзыретіне жататын шешімдері басшылықпен келісілгеннен кейін медициналық ұйымның барлық қызметкерлері үшін орындау бойынша міндетті болып табылады.