Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Үкіметтің негізгі бағдарламалық құжаттарын іске асыруға жәрдемдесу.
- Емхананың даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыру бөлігінде емделушілердің қажетті көлемде уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету.
- Халықаралық стандарттар деңгейінде туберкулезді диагностикалау және емдеу хаттамаларын әзірлеу және енгізу негізінде халыққа сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету бөлігінде сапа саласындағы ФО саясатын іске асыру
Науқастың құқықтарын қорғау саясатының қағидалары
Осы саясаттың ұстанымдары барлық ФО басшылығы мен қызметкерлерінің іс-қимылдары болып табылады. Бұл қағидаларға мыналар кіреді:
- Емделушінің сұраныстары мен күтулерін қанағаттандыруға бағдарлану
- Көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасы мен қолжетімділігіне бағытталу
- Емделушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- Емделушінің құқықтарын іске асыру
- Медициналық көмектің сапасын және емделушінің қауіпсіздігін үздіксіз арттыру процесіне әрбір қызметкердің қатысуын ынталандыру;
- медициналық қызметтердің сапасы және емделушілердің қауіпсіздігі саласында міндеттер мен мәселелерді шешуге жүйелі тәсіл
Емделушінің құқығы:
- Медициналық көмектің қолжетімділігі құқығы
- Ақпарат алу құқығы
- Келісім алу құқығы
- Таңдау еркіндігі құқығы
- Жеке өмірдің құпиялылық құқығы
- Емделушілердің уақытын құрметтеу құқығы
- Сапа стандарттарын сақтау құқығы
- Қауіпсіздік құқығы
- Инновацияға құқық
- Мүмкіндігінше азап шегу мен ауырсынудың алдын алу құқығы
- Жеке емделу құқығы
- Шағым беру құқығы
- Өтемақы алу құқығы
Пациенттің құқықтарын қорғау жөніндегі саясатты іске асыру
- Емделушілердің құқықтары мен міндеттері бойынша ФО қызметкерлерді оқыту.
- Қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері мәселелері бойынша ФО қызметкерлерін оқыту.
- ФО қызметкерлерін медициналық қызметтердің жоғары сапасын және емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және практикалық көріністерін оқыту.
- Медициналық қызмет көрсету және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында сапа стандарттарын әзірлеу және енгізу.
- Емделушілердің сұраныстары мен күтулеріне жауап береті медициналық қызмет көрсетудің бағдарланған қағидатын енгізу.
- Емделушінің күткен қанағаттануына қол жеткізу мақсатында медициналық қызметтердің сапасын басқару процестеріне заманауи ақпараттық, талдамалық және басқа да технологиялар мен әдістемелерді енгізу.
- ФО қызметкерлерін медициналық қызметтердің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз арттыруға ықпал ететін ұйымдастырушылық мәдениетті құру үшін ынталандыру тетіктерін әзірлеу және енгізу.