- 2. Міндеттері мен функциялары
2.1. Кеңестің негізгі міндеттері:
* мекеме бейініне байланысты пациенттерге мейірбикелік көмектің қазіргі заманғы түрлерін ұйымдастыру мен көрсетуді жетілдіру бойынша іс-шаралар өткізу;
* медициналық көмек стандарттарын енгізу негізінде орта медициналық персонал жұмысының сапасын арттыру;
* мейіргерлік қызметтің жаңа ұйымдастыру нысандары мен технологияларын, оның ішінде медициналық құжаттаманы дамытуға жәрдемдесу;
* мейірбике персоналын басқаруға және қызметкердің лауазымы мен әлеуетінің талаптарын ескере отырып, кадрларды орналастыруға қатысу, заманауи технологиялар негізінде маманның құзыреттілігін анықтау;
* орта медициналық персоналдың кәсіби білімін, практикалық дағдыларын жетілдіру бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету және олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
* мамандардың біліктілігін арттыруды, кәсіби қайта даярлауды, аттестаттауды және сертификаттауды жоспарлауды уақтылы жүзеге асыру мақсатында персонал қызметінің бағалау өлшемшарттарының бағдарламасын жасау;
* біліктілік санаттарын беру үшін мамандарды аттестаттауға қатысу және оны өткізу рәсімі бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
* мейіргер ісін ұйымдастырушыларды басқару, экономика, қаржы, құқық, менеджмент мәселелері бойынша оқытуды қамтамасыз ету;
* мейірбике ісін ұйымдастырушылардың пәрменді резервін қалыптастыруға қатысу;
* кәсіптің беделі мен маңыздылығын арттыру, медициналық қателіктер мен этикалық-деонтологиялық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу;