Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы15 желтоқсандағы № 2136 Қаулысы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы. (27.01.2014 ж толықтырулар мен өзгерістер.)
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы "Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 397-құжат)күші жойылды деп танылсын).
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К. Мәсімов
ҚР Үкіметінің 2014.27.01. № 29 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсанадғы N 2136 қаулысына қосымша.
Қазақстанда әрбір азамат тегін медициналық көмек ала алады және осының бәрі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмек көрсетіледі және барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
Қазақстанда Республикалық бюджет есебінен орындалатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) азаматтарға: республикалық денсаулық сақтау және жергілікті бюджет қаражатын бөлу арқылы қаржыландырылады.
- Мамандандырылған медициналық көмек көрсету, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымымның жолдамасы бойынша балалар мен ересектерге реабилитациялық көмек көрсету: хирургиялық нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және венерологиялық, офтольмологиялық, кардиологоиялық, акушерлік-гинекологиялық, сондай-ақ денсаулыққа зиян әрі қауіпті өндірістік факторларға, туберкулез бен алапеске байланысты аурулар.
- АИТВ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету;
- Шұғыл және төтенше жағдайларда пайда болатын аурулар кезінде медициналық көмек көрсету;
- Сот-медициналық сараптамасы бойынша.
2.Жергілікті бюджет есебінен орындалатын азаматтарға ТМККК:
- Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдардың алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмегі мамандарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады; ортодонтикалық көмектен басқа, 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдер мен жіті тіс ауруы бар науқастарға медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен бірге стоматологиялық, физиотерапиялық қызметтер тегін көрсетіледі;
- Жедел және шұғыл көмек көрсету;
- Жергілікті деңгейде ересектерге және балаларға стационарлық медициналық көмек көрсету, оның ішінде оңалту қызметі;
- жедел жәрдем қызметі;
- алғашқы медициналық-санитарлық қызмет маманының жолдамасы негізінде аурулардың барлық түрлері бойынша жоспарлы қызмет көрсету, оның ішінде: онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық,офтальмологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтикалық, травматологиялық, дерматологиялық және венерологиялық, жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулар, алкоголизм және наркомания, туберкулез, қант диабеті, бронх және өкпе аурулары;;
- Төтенше жағдайлардың нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету;
- АИТВ- жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету.
2011 жылы ТМККК тізбесіне медициналық тексерудің қымбат түрлері енгізілген. Атап айтқанда, бұл жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек, экстракорпоралдық ұрықтандыру, осы аурулар бойынша қауіп тобына кіретін балалар үшін "Б" және "С" вирусты гепатиттерін диагностикалауға скринингтік зерттеулер жүргізу.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесі
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы: Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесі көрсетілген қаулының қосымшасына сәйкес бекітіліп жаңа редакцияда жазылсын.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Тегін медициналық көмектін кепілдендірілген көлемінің тізбесі
- Жалпы ережелер
- Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі және оған дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады
- Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК):
1) жедел жәрдем көмегі және санитарлық авиация;
2)амбулаторлық – емханалық көмекті қамтиды:
- медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК);
- консультативтік -диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) медициналық-санитариялық алғашқы көмек арнайы мамандардың жолдамасы бойынша;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі — уәкілетті орган) айқындайтын емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған саны (шекті көлемі) бойынша МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың болуына қарамастан стационарлық медициналық көмек;
4) МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационар алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі
- ТМККК тізбесі
- ТМККК тізбесі бойынша жедел медициналық көмек
1) шұғыл жағдайда медициналық көмек көрсету және дәрілік формулярларға сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
2) медициналық көрсеткіштер бойынша науқастарды медициналық ұйымдарға жеткізу;
3) бұқаралық іс-шараларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
- Әуе жедел жәрдемі бойынша ТМККК
1) науқастың орналасқан жеріне байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде, медициналық жабдықтың немесе арнайы біліктілігі бар мамандар болмаған жағдайда халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету;
2) білікті мамандарды белгіленген жерге жеткізу не науқасты тиісті медициналық ұйымға әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдау.
- Амбулаторлық-емханалық көмек бойынша ТМККК азаматтарға МСАК, КДК түрінде ұсынылады және мыналарды қамтиды:
1) мамандардың кеңес беруі, тексеруі;
2) МСАК маманының және (немесе) арнайы мамандардың медициналық көрсеткіштері және жолдамасы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға,жүкті әйелдерге,Ұлы Отан соғысына қатысушыларға,мүгедектерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа»иегерлері және атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, әлеуметтік маңызы бар (бұдан әрі-әлеуметтік қорғалмаған топтар),зейнеткерлерге, инфекциялық аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастарға, полимеразды реакция тізбекті диагностиканы қоспағанда, медициналық-генетикалық зерттеулер бойынша , иммунофенотиптеу, компьютерлік және магниторезонанстық томография, позитронды-эмиссиялық томография, бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография, ангиография,және аспаптық зерттеулер жүргізіледі:
3) медициналық қызметтер (бұдан әрі-медициналық қызметтер), (инъекциялар, дәке, қатайтатын таңғыштар, шиналар салу, экстракорпоралдық ұрықтандыруды қоса алғанда, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да амбулаториялық рәсімдер сондай-ақ медициналық ұйымның шығыс материалдарын пайдалана отырып)
4) 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көрсеткіші бойынша физиопроцедуралар;
5) халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмек, тіс экстракциясын қоса алғанда, 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек (ортодонтиялық және ортопедиялық көмектен басқа), химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбалар салу және препараттау, сондай-ақ тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет аймағының патологиясы бар балаларға ортодонтиялық көмек көрсету(ортодонтиялық пластинка);
6) салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар:
- салауатты өмір салтын және тамақтануды насихаттау;
- әкені ананы, және баланы отбасын қорғауға сондай-ақ халықты гигиеналық тазалыққа үйрету;
- халықты таза сумен қамтамасыз ету және ұтымды тамақтану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
7) уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы тізбесіне сәйкес, арнайы санаттағы белгілі бір аурулары (жағдайына байланысты) бар азаматтарды дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдермен тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету.
8) уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес медициналық профилактикалық тексеру бойынша халықтың нысаналы топтарын қарау;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егулер жүргізу;
10) инфекциялық ауруларды емдеу орталықтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу;
11) қан аурулары бар балалардың "В" және "С" вирусты гепатиттерін диагностикалауға, анамнезінде операциялық араласулары, қан мен оның компоненттерін құюы, гемодиализдегі қатерлі ісіктері бар (иммуноферментті талдау, полимеразды тізбекті реакция) скринингтік зерттеулер жүргізу;
РҚАО-ның ескертпесі!
2012ж.01.01 бастап 12) тармақша қолданысқа енгізіледі.
12) «В» және «С» вирусты гепатиттерін қан аурулары бар,дертінде операциялық араласулар бар,гемодиализ қабылдайтындар, қан мен оның компоненттерін құйған ересектерді диагностикалауға, сондай-ақ «В» және «С» вирустық гепатиттерін жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлеріне скринингтік зерттеулер жүргізу,(иммуноферменттік талдау, полимеразды тізбекті реакция)
13) әлеуметтік-психологиялық кеңес беру.
Ескерту. ҚР Үкіметінің 2010.12.15 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) қаулысымен 5-тармаққа өзгерту енгізілді.
- Уәкілетті орган бекітетін түрлері мен көлемдеріне сәйкес стационарлық көмек бойынша көрсетілетін ТМККК:
1) мамандардың кеңестері, тексерулері;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулер;
3) медициналық қызметтер (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық көрсеткіштер бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
4) медициналық көрсеткіштер бойынша қан және оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз ету;
5) медициналық ұйымда болған барлық кезеңде, бала күтімі жөніндегі анамен бір жасқа дейінгі баланы, тиісті күтіммен және оның ішінде емізетін тамақпен, қамтамасыз ету;
6) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
7) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.
Ескерту. ҚР Үкіметінің 2010.12.15 N 1363 қаулысының 6-тармағына өзгерту енгізілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
- Стационарды алмастыратын көмек бойынша ТМККК мыналарды қамтиды:
1)мамандардың кеңестері,тексерулер;
2) медициналық қызметтер (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық көрсеткіштер бойынша 4 сағаттан 8 сағатқа дейінгі күн ішінде, дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету .
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 Қаулысы
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
(27.01.2014 ж толықтырулар мен өзгерістер.)
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::
1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 397-құжат) күші жойылды деп танылсын.).
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазахстан Республикасының Премьер-Министрі
К. Масімов
ҚР Үкіметінің 2014.27.01. № 29 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 2136 қаулысына қосымша
Қазақстанда әрбір азамат тегін медициналық көмек ала алады. Және осының бәрі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмек көрсетіледі және барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
Қазақстанда денсаулық сақтау республикалық және жергілікті бюджет қаражатын бөлу арқылы қаржыландырылады.Республикалық бюджет есебінен орындалатын азаматтарға ТМККК::
- Мамандырылған медициналық көмек көрсету, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша балалар мен ересектерге реабилитациялық көмек көрсету: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, дерматологиялық және венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық, сондай-ақ денсаулыққа зиян әрі қауіпті өндірістік факторларға, туберкулез бен алапеске байланысты аурулар