Бүгін Фтизиопульмонология орталығында 12-мамыр мейірбикелер күні аталып отті.
Мейірбике ісінің негізін қалаушы ағылшындық медбике Флора Найтингейлстен сонау 18 ғасырдан келе жатқан кәсіп жалғаушылары, бүгінде дертіне дауа іздеген жандарға кунделікті еңбегін аямай, бар шуағын шашып әрбір жанға кулімсіреген жүзімен көңіліне ертенгі күнге деген сенімділік ұялатып, омірге деген құлшынысын оята білген, сөзіде аялы алақаны да ем - біздің мейірбикелерге кәсіби мерекелеріне орай мерекелік іс-шара өткізіп, орталығымыздан, аудан әкімшілігінен, Денсаулық сақтау басқармасынан марапаттар тапсырылды.
Орталығымызда бүгінгі күнде 90 астам мейірбике талмай қызмет етуде. Оның ішінде қолданбалы бакалавр дәрежесімен 37 мейірбике жәнеде академиялық бакалавр дәрежесімен 18 мейірбике, магистр дәрежесінде 3мейірбике қызмет көрсетеді Мейірбикелер жөғарғы,бірінші ,екінші дәрежелі мамандар.
Мейірбикелік кәсібишеберлік таныта білетін, әркез нуақастарға жанүшыра комек көрсететін біздің мейірбикелер еңбектеріңіз жемісті,табыстарыңыз берекелі болсын.
https://cf-almaty.kz/kz/mejirbike-blogy.html#sigFreeId199152ff3d
Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай жүргізіліп жатқан айлық аясында 2025 жылдың 19-наурызында Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының зертхана және дәріхана қызметкерлері “Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжіне” барып, студенттер арасында туберкулез ауруы туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп қайтты. Осы шара соңында колледж студенттерінің туберкулез туралы білетінін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Туберкулездің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану және медициналық тексеруден өту өте маңыздылығына ерекше назар аударылды.
https://cf-almaty.kz/kz/mejirbike-blogy.html#sigFreeIde208dd4f15
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай жүргізіліп жатқан айлық аясында 2025 жылдың 19-наурызында Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының аға мейірбикелері Рожина А.В., Арсақбаева Д.Т., Разбекова И.А. Турксиб ауданындағы "Алтай" базарында туберкулездің алдын алу шаралары, уақытылы флюорографиялық тексеруден өтіп тұрудың маңызы, туберкулездің белгілері туралы тұрғындарға ақпарат беріп, ақпараттық-сауаттандыру материалдыран таратты. Естеріңізге саламыз!!! Туберкулездің алдын алу үшін тұрғындар мынадай шараларды ұстануы қажет: Салауатты өмір салтын ұстану: дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, денсаулықты нығайту. Жеке гигиена сақтаңыз! Жабық кеңістіктерде маска кию: әсіресе көп адам жиналатын жерлерде. Таза ауада болу: бөлмелерді желдетіп, табиғи жарықпен қамтамасыз ету. Жөтелген және түшкірген кезде ауызды жапқаныңыз жөн: туберкулез микобактериялары ауа арқылы таралуы мүмкін. Туберкулездің белгілеріне назар аудару: екі аптадан астам уақыт жөтел, қан түкіру, әлсіздік, салмақ тастап, жүдеу, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалған жағдайда дәрігерге қаралу. Вакцинация: балаларды туберкулезге қарсы вакцина БЦЖ-мен егуді қамтамасыз ету. Туберкулездің алдын алу үшін осы қарапайым кеңестерді сақтау өте маңызды. Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!
https://cf-almaty.kz/kz/mejirbike-blogy.html#sigFreeIddd7d5c7160
8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2025 жылдың 6 - наурыз күні Фтизиопульмонологиялық орталықта мерекелік кеш өтті. Кеш барысында орталықтың директорының орынбасарлары К.О.Кажикенова және Г.Л.Айнакузова ұжымның ару қыздары мен аналарын келе жатқан Көктем мейрамымен құттықтап, тілек сөздерін жолдады. Кәсіби одақтың төрағасы А.Қ.Қарабаев барлық қыз - келіншек, апа - әжелерді мерекемен құттықтап, ерен еңбектерімен көзге түскен әріптестерімізге «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хат», бағалы сыйлықтар табыстады.
Кешті №3, 5 өкпе туберкулезі бөлімшелерінің мамандары ұйымдастырып, әсем әнмен әрлеп, бимен сәндеп, аяулы аналарға құрмет білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Еліміздің барша аруларын Көктем мерекесімен құттықтай отырып, осындай ғажайып күнде, барлық ғаламды әсемдікпен нұрландырған тамаша мерекеде тек көтеріңкі көңіл-күй, шексіз бақыт және зор денсаулық тілейміз! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын! Мейрамдарыңыз құтты болын!
https://cf-almaty.kz/kz/mejirbike-blogy.html#sigFreeId43c4092664
Занятие по «Школе пациентов»
15 ноября 2017 году сотрудники Межрайонного противотуберкулезного диспансера ЛТО-1 (отделение с чувствительной формой туберкулеза )и ЛТО-3 (отделение с устойчивой формой туберкулеза) провели плановые занятия по «Школе пациента Одной из важных составных частей лечения туберкулёза является просветительная работа среди пациентов. Медицинский работник находится в постоянном контакте с пациентом и поддерживает его с момента установления диагноза и до завершения лечения.
С момента установления диагноза пациент должен получить основную информацию о том, что такое туберкулёз и как он распространяется. Больной может быть напуган, и тогда его нужно убедить в том, что туберкулёз излечим. Необходимо рассказать пациенту о курсе лечения и объяснить необходимость приема лекарств под непосредственным наблюдением. Некоторые пациенты могут решить, что принимать препараты каждый день очень обременительно и это пустая трата времени. В этом случае медицинский работник должен разубедить больного.