Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез — бұл көбінесе өкпені зақымдайтын, микобактериялар тудыратын жұқпалы ауру. Ауру ауа-тамшы жолымен беріледі.

  1. Туберкулез қалай жұғады?

Инфекция науқас адамнан жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде ауа арқылы жұғады. Ең қауіптісі — өкпенің белсенді туберкулезімен ауыратын науқастар.

  1. Қандай белгілерге назар аудару керек?
  • 2–3 аптадан астам жөтел
  • дене қызуының көтерілуі
  • түнгі тершеңдік
  • әлсіздік, тез шаршағыштық
  • салмақ жоғалту
  • қан түкіру

Осы белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

  1. Туберкулез емделе ме?

Иә, туберкулез дер кезінде анықталып, ем толық жүргізілген жағдайда толық жазылады.

  1. Туберкулезді емдеу тегін бе?

Иә, Қазақстанда туберкулезді анықтау және емдеу мемлекет кепілдік берген медициналық көмек көлемі аясында тегін жүргізіледі.

  1. Емдеу қалай жүргізіледі?

Емдеу ұзақ мерзімді (6 ай және одан да көп), дәрігердің бақылауымен жүргізіледі және арнайы туберкулезге қарсы препараттарды қабылдауды қамтиды.

  1. Үй жағдайында емделуге бола ма?

Аурудың түріне және науқастың жағдайына байланысты ем стационарда немесе амбулаториялық түрде дәрігердің бақылауымен жүргізілуі мүмкін.

  1. Туберкулезбен ауыратын адам айналасындағыларға қауіпті ме?

Белсенді түрінде — иә. Сондықтан ауруды ерте анықтап, дер кезінде емдеуді бастау өте маңызды.

  1. Туберкулезден қалай қорғануға болады?
  • жыл сайын флюорографиялық тексеруден өту
  • жеке гигиена сақтау
  • салауатты өмір салтын ұстану
  • уақытында дәрігерге қаралу
  1. Туберкулезге күдік болса, қайда жүгіну керек?

Тұрғылықты жеріңіздегі емханаға немесе Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығына жүгінуге болады.

  1. Отбасында туберкулезбен ауыратын адам болса не істеу керек?

Барлық отбасы мүшелері тексеруден өтіп, дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтау қажет.

  1. Балаларға тексеру жүргізіле ме?

Иә, балаларға Манту сынамасы, АТР тестісін (аллерген туберкулезге рекомбинанты) және қажет болған жағдайда қосымша зерттеулер жүргізіледі.