Пациенттерді қолдау қызметі: сұрақтар мен жауаптар
- Пациенттерді қолдау қызметі дегеніміз не?
Пациенттерді қолдау қызметі — бұл пациенттерге медициналық көмек алу барысында туындайтын мәселелерді шешуге, олардың құқықтарын қорғауға және көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға көмектесетін бөлім.
- Қандай мәселелер бойынша жүгінуге болады?
Сіз келесі мәселелер бойынша жүгіне аласыз:
- медициналық көмектің сапасы
- медициналық қызметкерлердің әрекеттері (немесе әрекетсіздігі)
- стационарда болу жағдайлары
- госпитализация мәселелері
- медициналық көмек көрсетуден бас тарту
- пациент құқықтарының бұзылуы
- Өтінішті қалай беруге болады?
Өтінішті келесі жолдармен беруге болады:
- Орталыққа жеке келу арқылы
- ресми сайт арқылы https://cf-almaty.kz/
- телефон арқылы 8(727)225-00-38
- электрондық пошта арқылы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
- Өтінішті анонимді түрде беруге бола ма?
Иә, өтінішті анонимді түрде беруге болады, алайда ресми жауап алу үшін байланыс деректерін көрсету ұсынылады.
- Өтініш қанша уақытта қаралады?
Өтініштер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
- Өтініштерді кім қарайды?
Өтініштерді Пациенттерді қолдау қызметінің мамандары қажет болған жағдайда тиісті бейінді мамандарды тарта отырып қарайды.
- Егер қабылданған шешіммен келіспесем не істеу керек?
Сіз қайта өтініш беруге, сондай-ақ директорға келіп қайта шағымдануға құқылысыз.
- Әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетіле ме?
Иә, қызмет әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға консультациялық көмек көрсетіп, медициналық қызметтерді алуға жәрдемдеседі.
- Емдеу бойынша кеңес алуға бола ма?
Бұл қызмет дәрігердің консультациясын жасамайды, бірақ қабылдауды ұйымдастыруға және тиісті маманға бағыттауға көмектеседі.
- Пациенттерді қолдау қызметімен қалай байланысуға болады
Байланыс деректері (телефон 8(727)225-00-38, 87022304083, электрондық пошта почта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) Орталықтың сайтындағы «Байланыс» бөлімінде көрсетілген.










