Фтизиопульмонология орталығы туралы ақпарат

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2011 жылғы 11 ақпанда пайдалануға берілген.

Түрксіб ауданы, Дегдар көшесі, 45-үй  мекенжайындағы ғимарат 2025 жылғы тамыз айынан бастап 2027 жылға дейін күрделі жөндеуге байланысты уақытша жабылған.

Орталық фтизиатрия бейіні бойынша стационарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді және келесі лицензия негізінде медициналық қызметпен айналысады:

 Ересек тұрғындарға стационарлық көмек мынадай мамандықтар бойынша:

          Фтизиатрия, пульмонология, жұқпалы аурулар, оңалту;

          Ересектер мен балаларға фтизиатрия бойынша консультативтік-диагностикалық көмек;

          Анестезиология және реаниматология;

          Зертханалық диагностика, функционалдық, эндоскопиялық және рентгенологиялық диагностика;

           Иондаушы сәуле шығаратын аспаптар мен қондырғылармен жұмыс істеу.

2024 жылғы қазанда Орталықта аккредитациялау рәсімі өткізілді. Сыртқы бағалау нәтижесі және аккредитациялық комиссияның шешімі негізінде 2024 жылғы 30 қазандағы бұйрықпен Орталық 3 жыл мерзімге 1-санат беріліп аккредиттелген.

 

Орталықтың екі бөлек орналасқан ғимараты бар:

  1. 1-ғимарат:Түрксіб ауданы, Дегдар көшесі, 45. Бұл ғимарат 2026–2027 жылдарға арналған күрделі жөндеу жоспарына енгізілген.
  2. 2-ғимарат: Жетісу ауданы, 2-Гончарная көшесі, 21. Мұнда:

   * Әкімшілік,

   * Функционалдық диагностика бөлімі,

   * Алматы қаласының орталықтандырылған бактериологиялық зертханасы (туберкулезге микроскопия, себінді және ТЛЧ),

   * КДЛ (клиникалық-диагностикалық зертхана),

   * Әлеуметтік осал топтарға жататын науқастарға арналған 24 төсектік туберкулезге қарсы стационар,

   * Бухгалтерия,

   * Кадр бөлімі,

   * Дәріхана,

   * Ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлім,

   * Мониторинг және бағалау бөлімі,

   * Шаруашылық бөлімі (АХЧ),

   * Мұрағат орналасқан.

Науқастар стационарға жоспарлы және шұғыл түрде қабылданады: Бюро госпитализация порталы арқылы   медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының учаскелік дәрігерлерінің жолдамасы бойынша немесе басқа медициналық мекемелерден туберкулез диагнозы расталған жағдайда жіберіледі.

2025 жылғы тамыз айынан бастап Орталықтың төсек-орын құрылымы және бейіні:

24 төсектік стационар бөлімше, оның ішінде:

  * Туберкулездің сезімтал түрімен ауыратын науқастарға – 8 төсек;

  * Дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарға – 15 төсек;

  * 1 төсек – мәжбүрлі емдеуге арналған.

Пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін стационарда келесі бөлімшелер жұмыс істейді:

  1. Клинико-диагностикалық зертхана;
  2. 64 тілімді КТ аппараты бар сәулелік диагностика бөлімі;
  3. Бактериологиялық зертхана бөлімі.

Туберкулезбен ауыратын науқастар медициналық көрсеткіштер болған жағдайда қосымша ауруларды анықтау үшін толық тексеруден өтуге және бейінді мамандардың кеңесін алуға мүмкіндігі бар.

Стационар аумағы инфекциялық бақылау нормативтік құжаттарына сәйкес аймақтарға бөлінген, көгалдандырылған және демалысқа арналған күркелермен жабдықталған.