Алматы қаласындағы фтизиопульмонологиялық орталық туралы ақпарат

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2011 жылдың 11 ақпанында пайдалануға берілді.

Миссиясы: Алматы қаласы тұрғындарына фтизиопульмонология бойынша білікті медициналық көмек көрсету.

Мақсаты:

  1. Ұлттық стандарттарға сәйкес дайындалған жоғары білікті мамандар тобын қалыптастыру;
  2. Пациенттерге бағдарланған медициналық көмек көрсету жүйесін құру;
  3. Аурухананы басқарудың тиімділігін арттыру және аурухананың қызметін жетілдіру.

 

Көрінісі: Алматы қаласының жетекші Фтизиопульмонология орталығы болып, ұлттық сапа стандарттарына сәйкес медициналық көмекті жоғары деңгейіде көрсету

 

Біздің басты мақсатымыз - адалдық, құпиялылық, сапа, қауіпсіздік және қателіктерге  төзбеушілік.

 

Біздің Міндеттер:

* Нәтижелер сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды және диагностиканың, емдеу мен оңалтудың заманауи әдістерін енгізу;

* Фтизиатриялық және пульмонологиялық бейіндегі пациенттер үшін емдеу-диагностикалық процестің барлық қолжетімді медициналық құралдарын меңгеру дағдыларын жетілдіру.

* Дәрігерлік мейірімділіктің, аяушылықтың және науқас адамға көмек көрсету тілегінің дәстүрлі қағидаттарын сақтау.

 

Негізгі стратегиялық принциптер

 

  1. Пациентке бағдарлану: жоғары кәсібилік және әрбір пациенттің қадір-қасиетін құрметтеу негізінде, пациенттер үшін сапаны, қауіпсіздікті және қолайлылықты қамтамасыз ете отырып, медициналық қызметтер көрсету.

 

  1. Ұлттық сапа стандарттары: медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің барлық аспектілері бойынша Медициналық қызметтер сапасының үздік ұлттық стандарттарына сәйкестігі.

 

  1. Сабақтастық және кешенділік: ұлттық стандарттар деңгейінде Фтизиатрия және пульмонология бойынша Медициналық қызметтердің барлық түрлерін ұсыну.

 

Осы кезеңде Орталық Алматы қаласындағы туберкулезбен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсету арқылы бүкіл қала тұрғындарына қызмет көрсетеді және қаланың медициналық ұйымдарға мониторинг және бағалау бөлімі консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді.

Орталықтың екі бөлек ғимараты бар:

  1. Түрксіб ауданы, Дегдар көш., 45-тегі ғимаратта, туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған аурухана бар. Сонымен қатар әкімшілік-шаруашылық бөлімі, клиникалық диагностикалық зертхана, функционалдық диагностика бөлімі, сәулелік диагностика бөлімі. Туберкулезді және дәріге төзімді туберкулезді анықтау үшін қосымша диагностикалық әдістер (компьютерлік томография, бронхоскопия) жүргізіледі.

  Ауруханада 2024 жылдың қаңтарынан бастап 10 төсек бар, 5 бөлімшеден тұрады. Бөлімше профильдері:

  • Туберкулездің сезімтал түріне арналған бөлімде 24 төсек;
  • Туберкулездің дәріге төзімді формаларына арналған бөлімдер - 60 төсек;
  • Реанимация (жан сақтау) бөлімі 6 төсек.
  • Пульмонология өлімі 10 төсек.

Аурухана аумағында бір қабатты ғимараттарда дезинфекциялық камерасы бар кір жуатын орын, оттегі станциясы және 2021 жылдан бастап медициналық қалдықтарды залалсыздандыру станциясы  және де күзет бекеттері орналасқан.

  1. Жетісу ауданы, 2-Гончарная көш. 21а ғимаратта Алматы қаласының орталық бактериологиялық зертханасы орналасқан, бактериологиялық зерттеулер   және генетикалық-молекулалық зерттеулер (экспресс әдістері G-xpert, Hain-test, BAKTEK, BIONER) жүргізіледі. Зертхана  «таза және лас» аймақтарға бөлінген, жуынатын бөлме арқылы қызметкерлер үшін жеке кіреберіс бар.  Патологиялық материал арнайы терезе арқылы енеді. Зертхана жұмыс істеп тұрған желдету жүйесімен жабдықталған.

Сондай-ақ осы мекенжайда Орталықтың әкімшілігі, мониторинг және бағалау бөлімі, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі, Орталық дәрігерлік клиникалық комиссия (ЦВКК), есеп бөлімі, кадр бөлімі, туберкулезге қарсы препараттардың дәріхана қоймасы, мұрағат.