2024 жылғы 30 - қыркүйекте Алматы қ. Фтизиопульмонология орталығының клиникалық фармакологы А.Б. Сағымбекова стационарлық бөлімшенің дәрігерлері мен медбикелеріне "жоғары қауіпті дәрі - дәрмектермен жұмыс істеу" тақырыбында семинар өткізді. Дәріс барысында дәрі - дәрмектерді таңбалау, жоғары қауіпті дәрі - дәрмектермен жұмыс істеу ережелері сияқты мәселелер талқыланды. Бұл тақырыптың маңыздылығы осы дәрі - дәрмектермен жұмыс істеу кезінде пациентке зиян келтіру қаупінің жоғары болуымен, емдеу кезінде ерекше сақтық пен ұқыптылықтың қажеттілігімен байланысты. Жоғары қауіпті дәрі - дәрмектер ұғымына сыртқы түрі ұқсас және атауы (оқылуы) ұқсас дәрі - дәрмектер де кіреді.
Фтизиопульмонология орталығында жоғары қауіпті дәрі - дәрмектердің бекітілген тізімі бар, дәрілік заттарды таңбалау жүргізіледі, медициналық қызметкерлер жоғары қауіпті дәрі - дәрмектермен жұмыс істеу ережелеріне жүйелі түрде оқытылады.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1774-zho-ary-auipti-d-rilermen-zh-mys-seminary-tti.html#sigFreeIdde4961ea4d