2024 жылдың 8 - сәуірінде Фтизиопульмонология орталығының үйлестірушісі Тастайбекова М.М. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арнап «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Миуагүл Мешітбайқызы жиналған қызметкерлерге туберкулез ауруы туралы, оның негізгі белгілері, ауруды анықтау әдістері мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Оларды салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулықтарын сақтауға, уақытылы және дұрыс тамақтанып, ағзаның қорғаныс күшін жоғарлатуға шақырды. Сонымен қатар, Миуагүл Мешітбайқызы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін туберкулезбен күресуге ат салысып, жөтел әдебін сақтап, көрінген жерге түкірмей, ауру белгілері пайда болса бірден дәрігерге қаралуды, зиянды әдеттерден бас тартуды ұсынды. Бәріміз біріге отырып сүйікті қаламызда туберкулезді тоқтата аламыз!
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1731-tuberkulezdi-aldyn-alu-ta-yrybynda-d-ris-o-ydy-2.html#sigFreeIddb054380fe
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1731-tuberkulezdi-aldyn-alu-ta-yrybynda-d-ris-o-ydy-2.html#sigFreeIddb054380fe