2024 жылдың 18 - қаңтарында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының Фтизиопульмонология орталығында МСАК ұйымдарының тікелей бақылаулы ем бөлмелерінің мейірбикелеріне және олардың дублерлеріне арналған семинар - тренинг өткізілді. Семинарды орталықтың жауапты маманы Қыстаубаева Ж.К. өткізді де оған 47 мейірбике қатысты. Семинардың басты тақырыбы - туберкулез ауруын тікелей бақылаулы емдеуді ұйымдастыру және дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ИСЛО) туберкулезге қарсы дәрілердің шығысы бойынша деректерді енгізу мәселелері. Халықты дәрілік заттармен тиімді және ашық қамтамасыз ету мақсатында ТМККК және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде медициналық ақпараттық жүйелерге, соның ішінде ИСЛО - ға, тұрақты мониторинг жүзеге асырылады. Аурудың ерекшелігін ескере отырып, туберкулезді (бұдан әрі - ТБ) емдеу және туберкулез инфекциясын (бұдан әрі – ТИ) профилактикалық емдеу ұзақ уақыт бойы және туберкулезге қарсы дәрілердің (бұдан әрі – ТҚД) бірнеше атауын бір мезгілде қолдана отырып жүргізіледі. Әрбір қабылданған ТҚД - нің тәуліктік мөлшері туралы ақпарат ИСЛО - да көрсетіліуі тиіс. ТҚД - нің әрбір дозасы медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен (бұдан әрі – ТБЕ) қабылданады. Тікелей бақылаулы ем және емнің толық курсын алған жағдайда ғана туберкулезді емдеу тиімді болады.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1653-mejirbikelerge-arnal-an-seminar.html#sigFreeId3004d32951