Фтизиопульмонология орталығының аудан бойынша үйлестірушісі Ақбаева Г.Т. қатысушыларға туберкулезге қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды бақылау нәтижелерімен таныстырып, туберкулез ауруын ерте анықтау бойынша ұсыныстар жасады. «Мейірімді жол» ҮЕҰ-ның жетекшісі Әбдіров Мадияр үкіметтік емес ұйымның жұмыс бағыттарымен таныстырып, барлық емханаларды тұрғын халықтың осал топтары арасында туберкулез ауруын ерте анықтау, емдеу және адын алу бойынша бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Тек бірлесе отырып қана біз Алматы қаласында туберкулез ауруын жойып, «Zero TB» бастамасының мақсаттарына жете аламыз!