Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті.
25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.
Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.
Осы ұлттық мерекеге орай , Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында салтанатты жиналыс өткізілді.
Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Айнакузова, МӘБ меңгерушісі Карлыгаш Молдахметова,стационар бөлімінің меңгерушісі Айдар Қарабаев және медбике істер жөніндегі менеджер Айгул Қажыкенова ұжым қызметкерлерін ыстық ықыласпен айтулы мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, БМБ меңгерушісі, ұжымның кәсіподақ ұйымының төрайымы Саулеш Ауезова «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атынан Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы аудандық ауруханасының 100 жылдық мерейтойына байланысты шағын футболдан медицина қызметкерлері арасында өткізілген ашық чемпионатта үздік шығып, Алматы облысы бойынша чемпион атанған футболшы жігіттерімізге әрқайсысына 10 000 сертификат және де пульмонология бөлімі, 3-4 ші ӨТБ, дәріхана қызметкерлеріне «Екі езу » театрына билеттер сыйлады.
Ұжымның есепшісі Г.Н.Абенова 60 жасқа, экономист Б.Д,Нокушева мерейлі 50 жасқа толуларына байланысты ақшалай сыйлықтар және ұзақ жыл ұжымда еңбек етіп, зейнеткерлікке шығып еңбек жолын аяқтап жатқан З.Адылбаеваға заттай сыйлық табыс етілді.
Алматы қалалық әкімдігі атынан Республика Сарайында өтетін мерекелік концертке емдеу ісі жөніндегі орынбасарға және ИБ, ӘШБ қызметкерлеріне билеттер берілді.
4- ші ӨТБ аға медбикесі Дина Арсақбаеваның ұйымдастыруымен мерекелік концерт беріліп, бөлім қызметкері Г.Жақсылықова әсем әнімен шашу шашты.
Және де Республика күні ұлттық мерекеге орай барлық қызметкерлерге сыйақы берілді.