Фтизиопульмонология орталығының аудан бойынша үйлестірушісі Ақбаева Г.Т. жиналған қызметкерлерге туберкулез ауруы туралы, оның негізгі белгілері, ауруды анықтау әдістері мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Оларды салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулықтарын сақтауға, уақытылы және дұрыс тамақтанып, ағзаның қорғаныс күшін жоғарлатуға шақырды. Сонымен қатар, Гүлшара Төлеутайқызы «Жолаушылар тасымалы» қызметкерлерін туберкулезбен күресуге ат салысып, жөтел әдебін сақтап, көрінген жерге түкірмей, ауру белгілері пайда болса бірден дәрігерге қаралуды ұсынды. Егерде жолаушылар арасында туберкулезге күдікті белгілер бар адамдар болатын болса, оларға дәрігерге қаралуға кеңес беруді, жұмыс орындарында инфекциялық бақылау шараларын сақтауды өтінді. Дәріс соңында қатысушыларға ақпараттық-сауаттандыру материалдары таратылды.
Бәріміз біріге отырып сүйікті қаламызда туберкулезді тоқтата аламыз!
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1462-2023-zhyldy-16-nauryzynda-d-niezh-zilik-tuberkulezben-k-res-k-nine-arnal-an-ajly-ty-ayasynda-zholaushylar-tasymaly-a-ekspress-filialy-zh-ne-talgo-filialyny-almaty-uchaskesinde-tuberkulezdi-aldyn-alu-ta-yrybynda-d-rister-tkizildi.html#sigFreeId883bc72b68