Бөлімінің жетекшісі Әуезова С.Н. Қазақ Ұлттық аграрық университеттің бірінші курс студенттеріне арнап «Туберкулез ауруының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Туберкулез – дүние жүзінде ең кең таралған жұқпалы ауру. Жыл сайын Жер шарындағы тұрғындардың 1%-на ауру қоздырғышы - туберкулез микобактериясы жұғады. Туберкулез микобактериясы жұққандардың ішінен иммунитеті төмендеген 5-10% ғана туберкулез ауыруына шалдығады. Туберкулез ауруы дұрыс тамақтанбайтын, жиі салқын тиіп ауыратын, маскүнемдікке салынған, жүре біткен иммундық тапшылық (ВИЧ), созылмалы аурурлары бар адамдарда жиі дамиды. Себебі бұл жағдайлар адам ағзасының қорғаныс күштерін әлсіретіп, кез келген ауруға қарсы тұру қабілетін төмендетеді. Туберкулез тұқым қуаламайды.
Өкпе туберкулезінің «ашық» түріне шалдыққан науқастар жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіргенде сыртқы ортаға ауру қоздырғышы бөлініп шығып, айналасындағы адамдардың ағзасына тыныс алу жолдары арқылы енеді. Осылай орташа есеппен бір жылда 10-15 адамға ауру қоздырғышын жұқтыруы мүмкін. Сондықтанда туберкулездің алдын алудың негізгі жолдарының бірі - ауруға шалдыққан адамды уақытылы анықтап, емдеу. Сонда оның айналасындағы басқа адамдарға ауруды жұқтыру қаупі азаяды.
Дәріс соңында Сәулеш Нуруллақызы студенттерді уақытылы тамақтанып, демалып, салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бас тартып, жөтел әдебін сақтап, туберкулез ауруынан сақтануға шақырды. Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық-сауаттандыру материалдарын таратты.