(ХҚКО) «Мен денсаулықты таңдаймын! Біз туберкулезді жеңе аламыз» атты ақция өткізді. Акцияға санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің мамандары да қатысты. ХҚКО жанына флюороқондырғысы бар автокөлік қойылып, тұрғындарға флюорографиядан өту ұсынылды. Сонымен қатар, екі шатыр тігіліп, сол жерде қан анализі жасалып, қандағы қант және холестерин деңгейін анықталды, спирография жасалып, қан қысымын өлшеп, жалпы тәжірибе дәрігері қабылдау жүргізді. Фтизиопульмонология орталығы,емхана мамандары мен «Мейірімді жол» үкіметтік емес ұйымның мамандары ХҚКО келушілер арасында ақпараттық жұмыс жүргізіп, туберкулез ауруы туралы, оның белгілері, анықтау әдістері мен алдын алу туралы ақпарат беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, ақпараттық-сауаттандыру материалдарын таратты. Осындай шаралар халықтың туберкулез ауруына деген көзқарасын өзгертіп, туберкулезге байланысты кемсітушілік пен стигманы азайтады деген үміттеміз.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1452-2023-zhyldy-15-nauryzynda-d-niezh-zilik-tuberkulezben-k-res-k-nine-arnal-an-ajly-ty-ayasynda-almaty-alasy-densauly-sa-tau-bas-armasyny-ftiziopulmonologiya-ortaly-y-29-alaly-emkhanamen-birlese-otyryp-alatau-audanynyda-y-mamandandyryl-an-khaly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-ynda.html#sigFreeId4460df923e