«Әлеуметтік мекемелер контингенті арасында туберкулез ауруының алдын алу және уақытылы анықтау» атты семинар-тренинг өткізілді. Семинарға «Демеу», «Шаңырақ», «Алатау» әлеуметтік қызмет орталықтарының мамандары қатысты. Дәрігер-фтизиатр Джазыбекова П.М. семинарға қатысушыларға туберкулез ауруы туралы, оның негізгі белгілері, ауруды анықтау әдістері мен алдын алу шаралары туралы, әлеуметтік мекемелер тұрғындары арасында туберкулез ауруын анықтау ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Семинарға «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Ибрагимова Оксана қатысып, туберкулез ауруы кезіндегі стигма және дискриминация (кемсіту) және оны азайтып, алдын алу туралы ақпарат берді.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуге қажетті ақпараттық материалдар таратылды.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1448-2023-zhyldy-14-nauryzynda-d-niezh-zilik-tuberkulezben-k-res-k-nine-arnal-an-ajly-ty-ayasynda-almaty-alasyny-zh-myspen-amtu-zh-ne-leumettik-ba-darlamalar-bas-armasyny-leumettik-yzmet-ortaly-taryny-meditsina-yzmetkerlerine.html#sigFreeId3dcd5d3799