КММ қызметкерлеріне арнап семинар өткізіп, туберкулез ауруы туралы, оның негізгі белгілері, ауруды анықтау әдістері мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Қатысушыларды туберкулез ауруынан сақтану үшін салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулықтарын сақтауға, уақытылы және дұрыс тамақтанып, ағзаның қорғаныс күшін жоғарлатуға шақырды. Сонымен қатар, Гүлшара Төлеутайқызы метрополитен қызметкерлерін туберкулезбен күресуге ат салысып, метрополитен жолаушыларынан жөтел әдебін сақтап, көрінген жерге түкірмеуді талап етуді ұсынды.
Бәріміз біріге отырып сүйікті қаламызда туберкулезді тоқтата аламыз!