2023 жылдың 9-наурыз күні орталықтың мамандары Мұхаметкаримқызы Э., Ахметкалиева Д., Сембекова Г., Бұланбаева Г. және Мұхтаркызы А. ТОО «Open Medical Channel» медициналық орталығында мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты - БМСК мекемесінде туберкулез бойынша межелік көрсеткіштердің орындалуын бағалау және емхананың туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша жасалынып жатқан жұмыс барысын тексере отырып, әдістемелік көмек көрсету.
Былтырғы жылмен салыстырғанда ТБ 081 журналының толтырылуы, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің туберкулёз ауруы туралы білімдері едәуір жақсарған.
Мониторинг соңынан медициналық орталық мамандарына туберкулез бойынша семинар жүргізіліп, семинардан кейін мамандарды аттестациялау өткізілді.
Өткізіліп жатқан шаралар алдағы уақытта қаламызда туберкулез ауруының одан әрі азаюына, сырқаттың дер кезінде анықталып, тиімді емделуіне септігін тигізеді деген үміттеміз.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1442-almaty-alasy-dsb-shzh-ftiziopulmonologiya-ortaly-y-kmk-ny-monitoring-zh-ne-ba-alau-b-limshesini-mamandary-keste-bojynsha-alaly-emkhanalar-men-aurukhanalarda-tuberkulezben-k-resu-is-sharalaryna-monitoring-zh-rgizudi-zhal-astyruda-2.html#sigFreeId7569e891f0