Конференцияда Қазақ Ұлттық медицина университетінің фтизиопульмонология кафедрасының профессоры А.С.Рақышева туберкулез туралы, оны анықтау жолдары мен профилактикалық ем туралы мәлімет беріп, конференцияға қатысып отырған науқастардың сұрақтарына жауап берді. Науқастардың негізгі сұрақтары туберкулезге қарсы дәрілердің жанама әсерлері мен оларды емдеу, алдын алу туралы болды.
Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні бүкіл әлемде 24-наурызда аталып өтеді. Биылғы Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні «Біз туберкулезді тоқтата аламыз» ұранымен өтуде.
Қазіргі таңда Қазақстанда туберкулез ауруын ерте анықтау үшін және бұл аурудан толық айығу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Егер сізде немесе сіздің танысыңызда аурудың белгілері болса, мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгініңіз. Туберкулез ауруына қарап-тексеру, оны емдеу еліміздің азаматтарына ақысыз түрде, тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, ауруға шалдығып, амбулаторлық емін үзбей қабылдап жүрген науқастарға Алматы қаласы әкімшілігі тарапынан ай сайын әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Біз бірге туберкулезді тоқтата аламыз!!!