06 ақпан 2023 жылы Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-ны4 эпидемиология бөлімінің қызметкерлері Нащеева Жадра мен Алимова Гүлнара аурухана дәрігерлерімен «Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар инфекциялық бақылау және медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі» тақырыбында семинар сабақ өткізді. Семинарда денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялардың (ДСБИ) өзектілігіне тоқтала отырып, видеороликтар мен слайдтар көрсетілді.
Олардың кең таралуымен, пациенттердің, медициналық ұйымдар персоналының денсаулығы мен өміріне жағымсыз салдарларымен, ұлғаюына байланысты медициналық (соның ішінде стационарлық) көмек көрсету құнының өсуімен анықталады, стационарлық емдеу ұзақтығында төсек айналымының төмендеуі, денсаулық сақтау саласының қосымша ресурстарға қажеттілігінің артуына алып келеді.
ДСБИ жиі кездесетін түрлері: тамырларды катетеризациялаумен байланысты қан ағымы инфекциялары, механикалық желдетумен байланысты тыныс алу жолдарының инфекциялары, зәр шығару көпіршіктерімен байланысты несеп шығару жолдарының инфекциялары және т.б.
ДСБИ проблемасы антибиотиктер мен дезинфекциялау құралдарына толық төзімділігі бар қоздырғыштарының «аурухана» штаммдарының қалыптасуымен және кең таралуымен тығыз байланысты, бұл пациенттерді емдеу сапасына және профилактикалық шаралардың тиімділігіне теріс әсер етеді.
Бүгінгі күні медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудың заманауи жағдайында өзектілігі жаһандық мәсклелердың бірі болып табылады.
Семинарға қатысушылар көптеген қызықты сұрақтар қойылып, қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Семинарға 21 қызметкер қатысты.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1439-aurukhana-d-rigerlerine-tkizilgen-seminar.html#sigFreeId764ee177f8