2023 жыдың 08 ақпанда Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-ның мониторинг және бақылау бөлімшесінің маманы Қыстаубаева Жанна БМККМ медбикелері мен химизаторларына семинар өткізді. Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 214 «Туберкулездің алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде туберкулезбен ауыратын науқастарға емдеудің амбулаторлық сатысында көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және БМККМ медбикелерінің жауапкершілігін арттыру.
Семинарда туберкулезбен ауыратын науқастарға тікелей бақыланатын емдеуді (ТБЕ) жүргізу, бейнебақыланатын емге (ББЕ,ВНЛ) пациенттерді дұрыс іріктеу, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесі бағдарламасы(ДҚАЖ, ИСЛО) бойынша жұмыс жүргізу, туберкулезге қарсы препараттар қозғалысы туралы есеп құрастыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Тренинг барысында БМККМ медбикелері алдын ала тестілеуден өтті. Дәріс соңынан кейінгі тестілеуден соң, тікелей бақыланатын емдеуді (ТБЕ) жүргізуге куәліктер берілді. Семинарға БМККМ 30 медбикесі қатысты.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1438-bmkkm-medbikeleri-men-khimizatorlar-a-arnal-an-seminar.html#sigFreeId70cfe7bc7f