2023 жылдың 7-9 ақпанында «МжБ аймақтық топтарының 2022 жылғы жұмысының қорытындысы» атты онлайн отырысы өтті. Жиынды ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мен 2023-2025 жылдарға арналған туберкулезге қарсы компонент бойынша Жаһандық қор жобасын іске асыру тобы ұйымдастырды.
Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығынан басшының орынбасары Қажикенова Қазима мен МжБ тобының басшысы Саулеш Ауезова және мамандары қатысты.
09.02.2023 жылы МжБ тобының басшысы Саулеш Ауезова 2022 жылғы МжБ тобының жұмыс қотындысы туралы есеп берді.
Отырысқа ҚР ҰФ ҒО директоры Мәлік Әденов, ЖҚ ЖІАТ менеджері Ш.Исмаилов, ЖҚ ЖІАТ МжБ бойынша маманы Г.Райымова, ҰФҒО МжБЭСА департаментінің жетекшісі З.Рамазанова, МжБ бөлімінің жетекшісі Г. Алғазиева, Ұлттық МжБ тобының мамандары – Нажмиден А., Приходченко О., Матжанова А., Исаева Г., Пірәлі А., Сұлтанәлі Д.,және өңірлердегі ОФО/ҚФО бірінші басшылары мен директор орынбасарлары, облыстық МжБ топтарының басшылары мен мамандары қатысты.
Өңірлердің 2022 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, негізгі жетістіктер мен түйткілді мәселелер талқыланды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1436-mzhb-tobyny-2022-zhyl-y-zh-mys-orytyndysy-bojynsha-zhiyn-tti.html#sigFreeIde3931aeea3