ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК –ның мамандары «Мейірімді жол» ҮЕҰ және «AFEW Қазақстан» қоғамдық қорымен бірлесе отырып 2023 жылдың 15-16 ақпанында МСАК ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлеріне арналған «Туберкулезге қарсы іс-шараларды өткізудегі әлеуметтік қызметкерлердің рөлі» атты семинары-тренинг өткізді. МСАК әлеуметтік қызметкерлері туберкулез ауруының жалпы эпидемиологиясымен таныстырылды. Туберкулезді анықтау және емдеуді ұстануды жақсартудағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) рөлі туралы ақпарат, сондай-ақ пациенттермен жұмыс істеудің тиімді әдісі ретінде тең деңгейлі кеңес беру туралы ақпарат берілді. Әлеуметтік қызметкерлердің туберкулез ауыртпалығын төмендетудегі рөлі мен үлесі туралы пікірталас жүргізілді, оның нәтижесінде МСАК әлеуметтік қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне толықтырулар талқыланып, қабылданды. Қатысушылар назарына емнің амбулаториялық сатысындағы туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған әлеуметтік сауалнама ұсынылып, сауалнаманы толтыру және мәліметтерді талдау бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар сонымен қатар туберкулез бағдарламасы бойынша AКСМ қызметімен танысты, шағын топтарда жұмыс істеу кезінде әлеуметтік қызметкерлер пациенттермен және олардың жақындарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын жаттықтырды. Әрі қарайғы ынтымақтастықты жалғастыру үшін әлеуметтік қызметкерлердің ФО және ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесу бағыты ұсынылды. Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын бағалау үшін туберкулезге қарсы іс-шараларды жүзеге асыру көрсеткіштері пайдаланылады. МСАК желісіндегі әлеуметтік қызметкерлердің туберкулезге қарсы бағдарламаның серіктестері ретінде әлеуетін арттыру үшін мұндай тренингтер тұрақты түрде өткізілетін болады.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1431-tuberkulezge-arsy-is-sharalardy-tkizudegi-leumettik-yzmetkerlerdi-r-li.html#sigFreeIdf2ce1773ec