2023 жылдың 16-17 ақпанында Алматы қаласында ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Жаhандық қор грантының KAZ-T-NCPT «Қазақстандағы дәріге төзімді туберкулезбен күресудің тиімді шаралары» 2023-2025 жж. жобасы аясында Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді. Үйлестіру кеңесінің мақсаты – 2022 жылдың қорытындысын шығару, қол жеткізген жетістіктерді сараптау, тәжірибе және озық тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ жұмыс топтарында туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігіне әсер ететін өзекті мәселелерді талқылау және болашақта END ТБ стратегиясының көрсеткіштері мен мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін іс-шараларды үйлестіру.
Үйлестіру кеңесінің отырысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ҰФҒО, Жаһандық Қордың мамандары мен қалалар/облыстардың фтизиопульмонология орталықтарының басшылары, ұйымдастыру-үйлестіру бөлімдерінің жетекшілері, клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасарлары; үкіметтік емес ұйымдар бойынша үйлестірушілері; ҰФҒО ұлттық және сыртқы кеңесшілері, халықаралық және ұлттық серіктестері қатысты. «Фтизиопульмонология орталығы» директорының орынбасары Қ.О. Кажикенова 2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында туберкулезге қарсы бағдарламаның орындалу барысы туралы есеп беріп, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары тақырыбында баяндама жасады. Үйлестіру кеңесінде Алматы қаласында туберкулезбен күресу бойынша шаралар жақсы деңгейде іске асырылып жатқаны және едәуір жетістіктерге қол жеткізілгені аталып өтті.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1430-aza-standa-y-d-rige-t-zimdi-tuberkulezben-k-resudi-tiimdi-sharalary.html#sigFreeId97967213c4