Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында 2023 жылдың 20- ақпанында орталықтың кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Саулеш Әуезова 2022 жыл бойында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, өткізілген мәдени, спорттық іс-шаралар, мекеме жастарымен жұмыс, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, олардың балаларын сауықтыруға қандай істер атқарылды, сондай-ақ айтулы даталарды өткізуге кәсіподақ тарапынан көрсетілген көмектер жайлы толық мәлімет берілді.
Ұжымдағы кәсіподақ мүшелерінің жақындары қайтыс болғандарға, мектепке 1-сыныпқа барған балаларына, зейнетке шығарып салу және санаториялық ем-дом қабылдаған адамдар да толық қамтылғанын атап өтті.
Ұжымдағы кәсіподақ мүшелері өткен жыл қортындысы бойынша есеп берген төрайым С.Әуезованың жұмысын өте жақсы бағалап, ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, 2023 жылға кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде Гушэм Адилова, кәсіподақ ұйымының мүшелері ретінде Е.К.Сырлыбаев, Г.Ж.Алимова, Е.А.Қанайбеков, Қ.А. Тезекбаева, Д.А. Тоқтабеков және С.К. Торыбаева бірауыздан сайланды.