2023 жылдың 20 ақпанында Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында бекітілген кестеге сәйкес, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Г.Л.Айнакузованың қатысуымен, жоғары санатты торакальды хирург Бижанов Бахтыбай Ахметжанұлы стационарлық бөлім қызметкерлеріне «Өкпе туберкулезінің деструктивті түрлерін емдеуде коллапсты терапиялық әдісті қолдану» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында Бижанов Б.А. өкпе туберкулезінің деструктивті түрлерін емдеуде коллапсты терапиялық әдістің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұл ем түрін қолдану кезінде болуы мүмкін асқынуларға жеке тоқталды.
Семинарға қатысушылар коллапсты терапия жасауға арналған жабдықпен және оның жұмыс істеу әдісімен таныстырылды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өкпе туберкулезінің деструктивті түрлерін емдеуде коллапсты терапиялық әдісті қолдану ыдырау қуыстарының жабылуын 75% -ға дейін арттырады.
20 ғасырдың ортасына дейін туберкулезді емдеудің бірден-бір тиімді әдісі болған коллапсты терапия антибиотиктердің ашылуынан туындаған эйфория фонында мүлдем ұмытылды және аурудың дәріге төзімді түрлері пайда болған кезде ғана қайта қолданыла бастады. Қазіргі заманда коллапсты терапия, соның ішінде коллапсты хирургия әдістері, туберкулезді емдеуге арналған дәрі-дәрмектермен қатар қолданалытын және ем тиімдігін арттыратын әдістердің бірі. Туберкулез дер кезінде анықталып, үзбей бақылаулы ем жүргізілсе және көрсеткіштер болған жағдайда коллапсты терапия әдістері қолданылса, аурудан айығуға болады.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1426-kpe-tuberkulezini-destruktivti-t-rlerin-emdeude-kollapsty-terapiyaly-disti-oldanu.html#sigFreeId36dceff640