Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының кәсіподақ ұйымының төрайымы Саулеш Әуезова 2023 жылдың 21-22 ақпанында Астана қаласында өтіп жатқан «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезіне қатысуда.
Съезде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ 2018-2022 жылдары атқарған қызметі бойынша қорытынды есеп беріліп, бақылау-тексеру комиссиясының есебі ұсынылды.
Сонымен қатар съезге қатысушылар «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды талдады. Қоғамдық бірлестіктің Орталық кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының құрамы талданып, бекітілді.
Съезде кәсіптік одақ қызметінің 2023-2028 жылдарға арналған негізгі бағыттары айқындалып, қарар қабылданды.
Республикалық қоғамдық бірлестіктің алдында Еңбек адамдарының барлық мәселелері шоғырланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жан-жақты қолдау міндеті тұр және осы бағыттағы жұмыс алдағы 5 жылда әрі қарай жалғасын табады.