Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығының» КМК-ның мониторинг және бақылау бөлімшесінің мамандары қалалық емханалар мен ауруханаларда кесте бойынша мониторнигті жалғастыруда. 2023 жылдың 20-21 ақпанында қалалық № 20 емханада орталықтың мамандары Жігітекова Майгүл, Мұхаметкаримқызы Эльвира, Садықова Гүлмира, Бұланбаева Гүлнар, Сембекова Гүлназ және Нусупова Айсұлу туберкулез бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында орталықтың мамандары туберкулез бойынша көрсеткіштердің орындалуын бағалай отырып, «Туберкулез науқастарының ұлттық регистрі» және «Дәрілермен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау бойыншы әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар, науқастарға тікелей бақылаулы және видео арқылы бақылаулы ем жүргізу хаттамасының орындалуы, емханадағы туберкулезге қатысты инфекциялық шаралардың орындалуына мониторинг жүргізілді.
2022 жылы жүргізілген мониторинг нәтижесімен салыстырғанда, биылғы жылы жалпы тәжірибе дәрігерлері тарапынан туберкулезбен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау күшейтілген; ТБ 081 үлгідегі журналды жүргізу жақсарған.
Мониторинг соңынан емхана мамандарына туберкулез бойынша нормативтік құқықтық актілер және оларға енгізілген өзгерістермен таныстыру мақсатында семинар жүргізілді.