2023 жылдың 24-ақпанында Алматы қаласы ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК директоры м.а. Қажыкенова Қ.О. Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған айлықтың басталуына арналған баспасөз конференциясына қатысты. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде аралас оффлайн/онлайн форматында өткен баспасөз конференциясына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.М.Әденов, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қалықова А., Жаһандық қор гранты жобасының жетекшісі Исмаилов Ш. қатысты.
БАҚ өкілдері мен жиналғандар туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай, туберкулезге қарсы бағдарламаның жетістіктері, жоспарлар мен перспективаларымен таныстырылып; сұрақтарына жауап алды.
Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні бүкіл әлемде 24-наурызда аталып өтеді және оның мақсаты: туберкулезді эпидемия ретінде жою үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру; шешім қабылдаушылардың назарын туберкулез мәселесіне, оның мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасына әсеріне аудару; туберкулезді қоғамдық денсаулық проблемасы ретінде жоюдың озық тәжірибелерін енгізу және тарату үшін туберкулезбен күрес жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды ұлғайту; туберкулезбен ауыратын адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту үшін қоғамның хабардарлығын арттыру және қоғамды жұмылдыру.
Биылғы Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні «Біз туберкулезді тоқтата аламыз» ұранымен атап өтілмек және бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Әрқайсыңызды Алматы қаласында, жалпы Қазақстанда туберкулезді жоюға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз! Жөтелсеңіз, жөтелгенде аузыңызды қолыңызбен, беторамалмен жабыңыз! Көрінген жерге түкірмеңіз! Егер сізде немесе сіздің танысыңызда аурудың белгілері болса, мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгініңіз. Егер сізде туберкулезауруы анықталған болса, емдеуді үзбеңіз. Егер сіз туберкулезбен ауыратын адамдарды білсеңіз, оларға қолдау көрсетіңіз! Біз бірге туберкулезді тоқтата аламыз!!!!