2023 жылдың 23-ақпаны күні ДСБ Алматы қаласы ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-офицер функциясын атқарушы заңгер Қыстаубаева Ү.У «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында стационар бөлімінің меңгерушілері мен аға медбикелеріне семинар өткізді.
Жемқорлық дегеніміз не? Латын тілінде «corruptio» – сатып алу - мемлекеттік басқару құрылымдағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс– әрекеттері. Нәтижесінде: қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, қоғамдық мүлікті талан-таражға салу.
2014 жылғы 3-шілдедегі №226-VҚРЗ «ҚР қылмыстық кодексінің» мына баптарында қызмет өкілеттігін теріс пайдалану туралы айтылған:
-250-бап: өкілеттіктерді теріс пайдалану;
-366-бап: пара алу;
-450-бап: билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану;
-253-бап: коммерциялық сатып алу.
Қазақстанның әрбір азаматы «Сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындату сияқты іс-әрекеттер арқылы мінез-құлқы моделін, сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастырып, осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамытуы тиіс.
Құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil – ештеңе); құқықтық жаппай сауаттану арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз етуіміз керек.
Үржамал Қыстаубаева қызметкерлерге жемқорлықтың соңы қандай қылмыстық жауапкершілікке апаратынын және айналаға қалай әсері болатынын жете түсіндіре отырып, слайдтар ұсынды.