«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Алматы филиалы 2023 жылдың 27-28 ақпан аралығында еңбек құқығы бойынша соңғы өзгерістерді ескере отырып, модульді оқыту жүргізіп отыр. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастары, келісім комиссиясы және еңбек даулары тақырыптарында мәселелер талқыланды.
Еңбек демалысы мен әлеуметтік демалыс айырмашылықтары, жұмыс уақыты, шарттарды бұзу тәртібі және тағы көптеген сұрақтарға жауап берілді.
Модульді оқытуға Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығынан» кәсіподақ мүшелері Сәулеш Әуезова, Гушэм Адилова, Гүлнара Алимова және Гүлназ Қожамбердиева қатысты.
Оқу соңынан қатысушыларға сертификат табыс етілді.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1414-senim-densauly-sa-tau-zh-jesi-zh-myskerlerini-salaly-k-siptik-oda-y-almaty-filialy-2023-zhyldy-27-28-a-pan-araly-ynda-e-bek-y-y-bojynsha-so-y-zgeristerdi-eskere-otyryp-moduldi-o-ytu-zh-rgizip-otyr.html#sigFreeId4ab6a4c22f