Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығының» КМК-ның мониторинг және бақылау бөлімшесінің мамандары кесте бойынша қалалық емханалар мен ауруханаларда мониторнигті жалғастыруда. 2023 жылдың 27-28 ақпанында орталықтың мамандары Жігітекова Майгүл, Мұхаметкаримқызы Эльвира, Садыкова Гулмира, Бұланбаева Гүлнар, Сембекова Гүлназ және Нусупова Айсұлу № 28 емханада мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты- МСАК мекемесінде туберкулез бойынша межелік көрсеткіштердің орындалуын бағалау және емхананың туберкулезбен күресуге бағытталған іс-шаралар барысын тексере отырып, әдістемелік көмек көрсету.
Мониторинг нәтижесі бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда ТБ 081 журналының толтырылуы, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің құжаттарды жүргізуі жақсарғаны аталып өтті.
Мониторинг соңынан емхана мамандарына туберкулез бойынша нормативтік құқықтық актілер бойынша семинар жүргізілді. Сондай-ақ, семинардан кейін мамандарды аттестациялау өткізілді.