Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-ның мониторинг және бағалау бөлімшесінің мамандары кесте бойынша қалалық емханалар мен ауруханаларда туберкулезбен күресу іс-шараларына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. 2023 жылдың 3-наурыз күні орталықтың мамандары Мұхаметкаримқызы Эльвира мен Дариға Ахметкалиева № 23 қалалық емханада мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты - БМСК мекемесінде туберкулез бойынша межелік көрсеткіштердің орындалуын бағалау және емхананың туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша жасалынып жатқан жұмыс барысын тексере отырып, әдістемелік көмек көрсету.
Мониторинг соңынан емхана мамандарына туберкулез бойынша семинар жүргізіліп, семинардан кейін мамандарды аттестациялау өткізілді.
Семинарға 32 адам қатысты, емхана мамандарын мазалаған сұрақтарға өз деңгейінде жауаптар берілді.
Өткізіліп жатқан шаралар алдағы уақытта қаламызда туберкулез ауруының одан әрі азаюына, сырқаттың дер кезінде анықталып, тиімді емделуіне септігін тигізеді деген үміттеміз.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1408-almaty-alasy-dsb-shzh-ftiziopulmonologiya-ortaly-y-kmk-ny-monitoring-zh-ne-ba-alau-b-limshesini-mamandary-keste-bojynsha-alaly-emkhanalar-men-aurukhanalarda-tuberkulezben-k-resu-is-sharalaryna-monitoring-zh-rgizudi-zhal-astyruda.html#sigFreeIdeba5b38c0a