8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК ұжымы еңбек ардагерлері Молдахметова Корликаш Нұрахметқызы мен Ақбаева Гүлшара Төлеутақызын ерекше құттықтады.
Фтизиатрия саласында қажымай-талмай еңбек етіп келе жатқан тәлімгер дәрігерлеріміздің біздің ұжымда алар орындары ауыз толтырып айтарлықтай өте жоғарғы дәрежеде десек қателеспейміз.
Осындай айтулы мерекеде жоғарғы санатты дәрігер әріптестеріміздің жүріп өткен жолдарымен сіздерлі қысқаша таныстыра кетсек артық болмас.
Молдахметова Корликаш Нұрахметқызы еңбек жолын 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семеновка ауылының учаскелік педиатр-дәрігері болып бастады. 1986 - 1988 жылдар аралығында Қазақ туберкулезді ғылыми зерттеу институтында фтизиопедиатрия бойынша екі жылдық клиникалық ординатурада оқуын жалғастырды. 1993 жылдан бастап Алматы қаласы туберкулезге қарсы қызметінде жұмыс істейді. 13 жыл қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің Жетісу ауданында ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 2011 жылдан бастап ауданаралық туберкулезге қарсы диспансерде бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, 2013 жылдан бастап Медеу ауданындық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері қызметін атқарды. Бірнеше рет Алматы қаласы әкімдігінің, аудан әкімдіктерінің және денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің статистика саласын жіті қарап-бақылап, қазіргі уақытта ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» МКК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Ақбаева Гүлшара Төлеутайқызы Еңбек жолын 1973 жылы Қарағанды қаласындағы Қалалық туберкулезге қарсы диспансердің амбулаториялық бөлімшесінде учаскелік педиатр болып бастады. 1976 жылдан бастап Қарағанды қаласындағы қалалық туберкулезге қарсы емханаға дәрігер-ординатор болып түсті. Одан кейін 1980 жылдан Қарағанды қаласындағы «Жасұлан» балалар туберкулезге қарсы санаторийінде интерн болып жұмыс істеді.1990 жылдан Алматы қаласы Медеу ауданының туберкулезге қарсы диспансеріне фтизиатр дәрігер болып қабылданған. 1997 жылдан бастап Алматы облысы Іле ауданы медициналық бірлестігінің бас дәрігері қызметіне ауыстырылды. 2000 жылдан бастап Алматы қаласы, «Каменское плато» туберкулезге қарсы санаторийінің стационарлық бөлімшесінің меңгерушісі болып қабылданды. 2006 жылдан Әуезов ауданының туберкулезге қарсы диспансеріне фтизиатр болып қабылданды, 2008 жылы диспансерлік бөлім меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. Бірнеше рет Алматы қаласы әкімдігінің, аудан әкімдіктерінің және денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК дәрігер-фтизиатр, үйлестіруші болып жұмыс істейді.
Жастарға үйретері мол, білімі мен тәжірибесі жетерлік еңбек ардагерлеріне мықты денсаулық, отбастарына амандық тілейміз!
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1403-8-nauryz-khaly-araly-jelder-k-nimen-almaty-alasy-dsb-shzh-ftiziopulmonologiya-ortaly-y-kmk-zhymy-e-bek-ardagerleri-moldakhmetova-korlikash-n-rakhmet-yzy-men-a-baeva-g-lshara-t-leuta-yzyn-erekshe-tty-tady.html#sigFreeId192f748323