2022 жылдың 15 желтоқсанында Алматы қалалық ДСБ "Фтизиопульмонология орталығында" 16 желтоқсан Республикамыздың Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
Орталық директоры Жанар Әділханқызы Сәпиева ұжымды құттықтап, Тәуелсіздік ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі екенін атап өтіп,бұл күннің біз үшін өте қастерлі күн екенін еске салды. Сонымен қатар , денсаулық сақтау менеджері Майгүл Жігітекова,бөлім меңгерушілері Сәулеш Әуезова, Айдар Қарабаев,бас медбике Жанар Иманбекова да өз сөздерінде бұл күннің мәні мен маңызды екеніне тоқталып өтті. Пульмонология бөлімінің аға медбикесі Күнжарқын Айтешова баяндама жасап,егемен еліміздің өткені мен бүгініне шолу жасады.
Пульмонология бөлімі қызметкерлері мерекелік бағдарлама ұйымдастырып,рухты әндерді тарту етті.
Сондай-ақ,ұжым басшылығы мен "Аманат" партиясы қызметкерлерге алғыс хаттар мен мақтау қағаздары табыс етілді.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1394-t-uelsizdik-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhinalys-2.html#sigFreeId5e192cbd3f
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1394-t-uelsizdik-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhinalys-2.html#sigFreeId5e192cbd3f