Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу – қауіпсіз медициналық көмектің маңызды бағыты
2026 жылғы 16–21 қараша аралығында Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының дәрігер-эпидемиологы Жадра Нащеева «Қазақ медициналық университеті «ВШОЗ» ЖШС базасында «Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау, анықтау және алдын алудың заманауи тәсілдері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтуде.
Оқыту барысында медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу, эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіру, инфекцияларды ерте анықтау және инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи әдістері қарастырылуда.
Мұндай кәсіби оқыту медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіруге, инфекциялық бақылау сапасын арттыруға және пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Кәсіби даму – медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің кепілі!
№36 қалалық емханада мониторинг жүргізілді
2026 жылғы 18 қарашада Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының МиО бөлімінің мамандары №36 қалалық емханада мониторингтік сапар өткізді.
Мониторинг барысында туберкулезді ерте анықтау, байланыста болған адамдарды тексеру, диспансерлік бақылау, диагностика мен емдеу сапасы және медициналық құжаттаманың жүргізілуі қаралды.
Мамандар тарапынан анықталған мәселелер бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, медициналық көмектің сапасын арттыру бағыттары талқыланды.
Туберкулезбен күрес – ортақ жауапкершілік! Сапалы медициналық көмек пен уақтылы профилактика – дені сау қоғамның кепілі!