2022 жылы 21 желтоқсанда Астана қаласында біздің әріптесіміз, денсаулық сақтау менеджері Жигитекова Майгулге «Қазақстан республикасының құрметті азаматы» атағы беріліп, төсбелгі тағылды!
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған басымдықтарды қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «ҚР Құрметті азаматы» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдері шақырылды.
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Әріптесіміз Майгүл Абайхановнаны ұжымның атынан «Қазақстан республикасының құрметті азаматы» атағымен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасында ардақты ана, бүгінде асыл әже болып отырған Майгул Абайхановнаға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілейміз!