2023 жылдың 16-17- қаңтарында Алматы қаласы ДСБ «Фтизиопульмонология орталығында» «Туберкулез және АИТВ жұқтырған халықтың негізгі (осал) топтар тұрғындармен (ХНТ) МСАК жұмысындағы негізгі тәсілдер. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі ХНТ-на қатысты стигма мен кемсітушіліктің денсаулық сақтау қызметтеріне қол жетімділікке әсері» атты семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг «ЖИТС эпидемиясын бақылаудың Алматылық моделі» (Almaty Model for Epidemic Control (AMEC)) жобасы аясында өткізілді.
Тренингтің мақсаты:
1. Халықтың негізгі осал топтары арасында туберкулездің алдын алу және емдеу бағдарламаларын іске асыруда серіктестікті жақсарту және Алматы қаласындағы МСАК мекемелерінде стигма мен кемсітушілікті азайту.
2. Пациентке бағытталған тәсілге баса назар аудара отырып, МСАК мекемелерінің қызметкерлеріне ХНТ-мен жұмысты ұйымдастыруда қолдау көрсету.
Тренинг барысында ХНТ ерекшеліктері; ХНТ арасында туберкулезді ерте анықтаудағы кедергілер туралы ақпарат берілді; МСАК мекемелеріндегі ХНТ сүйемелдеу түрлері қарастырылды; стигма мен кемсітушілікті азайту және туберкулезді емдеу мен туберкулезге байланысты қолдаудың көрсетудің сапасын қамтамасыз етудегі серіктестіктің рөлі талқыланды. Жұмыс топтарында әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде ХНТ-на кеңес беру алгоритмдері бойынша жаттығу жүргізілді.
Тренингті AMEС жобасының «Орталық Азиялық АӨА қауымдастығы» ЗТБ директоры Оксана Ибрагимова, AMEС жобасының «Орталық Азиялық АӨА қауымдастығы» ЗТБ үйлестірушісі Ружникова Зоя, АИТВ қоғамдастығының өкілі/волонтер, ко-тренер Елена Кузнецова өткізді.