Конференцияға : Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, Алматы қаласы әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Алматы қалалық Фтизиопульмонология орталығының, «ПАНА» бейімдеу орталығының өкілдері, Алматы қаласындағы емханалардың басшылары мен әлеуметтік қызметкерлері, Жаһандық қордың қызметкерлері, ҮЕҰ, пациенттер (амбулаториялық емделудегі), соның ішінде қолдау тобының мүшелері, журналистер қатысты.
Конференцияның мақсаты :
Емдеудің амбулаторлық сатысындағы науқастарды психоәлеуметтік қолдау мәселелері, ҮЕҰ рөлі, жобаларды қолдаудағы донорлық ұйымның бастамасы, қажетті көмек көрсету және пациенттердің өзекті мәселелерін шешу бойынша сауалнамалар мен ұсыныстар бойынша талқылаулар.
Күтілетін нәтиже:
• Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің амбулаторлық сатысында қолдауға МСАК әлеуметтік қызметкерлерін тартуды арттыру;
• Туберкулезбен ауыратын адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша серіктес ұйымдардың қызметін үйлестіру (амбулаторлық емдеу бойынша);
• МСАК ұйымдарындағы ҮЕҰ белсенділігін арттыру.
Модераторлар:
Сәпиева Жанар Әділханқызы – Алматы қаласындағы фтизиопульмонологиялық орталықтың директоры.
Макатер Вера – USAID Орталық Азиядағы туберкулезді жою жобасының AFEW Қазақстан қоғамдық қорының бағдарлама маманы.
Алматы қалалық ДСБ Фтизиопульмонология орталығының директоры Сәпиева Жанар Әділханқызы : Алматы қаласындағы туберкулезге қарсы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, туберкулезге қарсы көмек көрсету динамикасы – табыстар, мүмкіндіктер, өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасады.
Жалпы конференцияда туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарының келелі мәселелері кеңінен талқыланды.