https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1350-ftiziopulmonologiya-ortaly-yny-direktordyny-emdeu-isi-zh-nindegi-orynbasary-g-lmira-ajnakuzova-linat-yzy-tuberkulez-covid-19.html#sigFreeIdb71e4eb63c
Пандемия бітті деп босаңсуға болмайды. Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығына жыл басынан көптеген науқас Туберкулез және Коронавирус инфекцияларына шалдыққан науқастар түсуде. Солардың бірі Науқас Б.Р.И, 44 жаста, 31.08.2022 жылы Фтизиопульмонология орталығына шұғыл түрде, 103 Жедел жәрдеммен түскен. Шұғыл кеудесін компьютірлік томографияға түсірілгенде өкпесі 80%, пайызға зақымдалғаны анықталды. Науқаста COVID-19-ға ПЦР-тесті оң нәтижемен қосымша G-Xpert анализінде Өкпе туберкулезінің ашық түрімен ауратыны анықталды. Жедел түрде консилиумге дәрігерлер шақырылып емі орталық дәрігерлер комиссиясы бойынша тағайындалды. Реаниматолог дәрігерлер 2-айдан астам уақыт науқастың өмірі үшін күресті, екі ай бойы НИВЛ-аппаратымен дем алдырып күрделі жағдайдан аман алып қалды. Кәзіргі жағдайы тұрақты, сотурациясын науқас өздігінен кислородсыз 99% пайыз ұстауда. Науқас орталықтың барлық Медицина қызметкерлеріне рахмет айтып, 1-ші қарашада ауруханадан шығарылды.