View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1335-almaty-alasyny-ftiziopulmonologiya-ortaly-ynda-tuberkulezdi-erte-any-tau-latentti-tuberkulez-infektsiyasynda-profilaktikaly-emdi-zh-rgizu-zh-mystaryn-jymdastyru-ta-yryptary-bojynsha-o-ytu-zh-rgizildi.html#sigFreeId671c57aac0

28-29-қарашада кезекті дәрісті мониторинг және бағалау бөлімінің меңгерушісі Ауезова С.Н., Алматы қаласының штаттан тыс бас фтизиопедиатры Тастайбекова М.М., директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айнакузова Г.Л., зертханалық қызметтің маманы Буланбаева Г.К. оқыды. Оқыту халыққа туберкулез ауруы аясында көмек көрсету, туберкулез ауруымен сырқаттанушылық пен өлім санын азайту мақсаттарында Алматы қаласының жеке емханаларының, көпсалалы ауруханалардың бөлімше меңгерушілерінің білімін жетілдіру үшін бекітілген бағдарлама бойынша жүргізілді.
Емхана мен ауруханаларының дәрігерлері жұмыс барысында туберкулез ауруы бойынша кездесетін мәселелерді шешу барысында пайда болатын сұрақтарын, өз ойларын ортаға талқыға салып туберкулез ауруы мамандарынан жауап алды.
Алматы қаласының Емхана мен ауруханаларының дәрігерлеріне «Латентті туберкулез инфекциясы» тақырыбында білімін жетілдіргенін растайтын куәлік тапсырылды.