View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1329-emkhana-basshylary-tkizilgen-seminar.html#sigFreeIda8d13856a2
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1329-emkhana-basshylary-tkizilgen-seminar.html#sigFreeIda8d13856a2
2022 жылы 25-қарашада Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында «Латентті туберкулез инфекциясы, профилактикалық емді жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырып бойынша семинар жүргізілді. Кезекті семинарды Қазақ Ұлттық медицина Университетінің профессоры А.С.Рақышева оқыды. Оқыту бекітілген бағдарлама бойынша, халыққа туберкулез ауруы аясында көмек көрсету, туберкулез ауруымен сырқаттанушылық пен өлім санын азайту мақсаттарында, Алматы қаласының емханаларының бас дәрігерлерінің орынбасарларына білімін жетілдіру үшін жүргізілді.
Емхана дәрігерлері жұмыс барысында туберкулез ауруы бойынша кездесетін мәселелерді шешуде пайда болатын сұрақтарға профессор Анар Садуақасқызы жауап берді.
Семинарға 32 Алматы қаласының емханаларының бас дәрігерлерінің орынбасарлары қатысты.