Науқастар жиналып, жылы әңгіме үстінде көптеген мәселелерді қарастырып, ақылдаса отырып шешеді. Пациенттеріміздің бір-біріне көмектесуіне топ өзі жауапты, сонымен қатар, әрине, жоба үйлестірушісі, аутрич қызметкерлері әртүрлі мәселелер бойынша көмектеседі.
Көп мазалайтын сұрақтар:
1. Туберкулезді анықтау
2. Психологиялық көмек
3. Әлеуметтік сүйемелдеу
4. Заң аясындағы сұрақтар
5. Қолдау тобының жұмысы.
Сондай-ақ топ мүшелері жиналып демалыс күндері ай сайын мұражайларға,кинотеатр және әртүрлі театр қойылымдарына барып тұрады.