Оқыту халыққа туберкулез ауруы аясында көмек көрсету үшін емхана акушер-гинекологтарына білімін жетілдіру мақсатында бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіліп келді. Емхана дәрігерлері Фтизиопульмонология Орталығының фтизиатр-дәрігерлерінен білім алды. Акушер-гинекологтар әйелдердің фертильді жас, жүктілік пен босанудан кейінгі кезеңінде жұмыс барысында туберкулез ауруы бойынша кездесетін мәселелерімен бөлісіп, қызу пікірталас жүргізіліп, өз ісінің білікті мамандарынан сұрақтарына жауап алды.
Алматы қаласының емханаларының дәрігер акушер-гинекологтарына «Жүктілік кезеңінде әйелдерден туберкулез ауруын анықтау», «Нәрестелер арасында БЦЖ вакцинасының туберкулезге қарсы спецификалық иммунитеттің қалыптасуындағы маңызы» тақырыптарына Фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау бөлімінің меңгерушісі Әуезова С.Н. және Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас фтизиопедиатры Тастайбекова М.М. дәріс оқыды.
Жалпы саны 130 болатын емхана дәрігерлеріне «Жүктілік пен босанғаннан кейінгі кезеңдегі туберкулезді анықтау және диагностикалық әдістері» тақырыбында білімін жетілдіргенін растайтын куәлік тапсырылды.