Мониторингтің міндеті – әдістемелік көмек көрсету және емханада жүргізіліп жатқан туберкулезге қарсы бағдарламаның тиімділігін бағалау, сондай – ақ проблемалық мәселелерді анықтау, алынған ақпаратты қорытындылау және БМСК деңгейінде туберкулезбен тиімді күресу бойынша іс- шараларды одан әрі жоспарлау.
Ересек тұрғындар арасында туберкулезге қарсы күрес іс шараларының орындалуы, емхана деңгейіндегі туберкулезге қарсы амбулаториялық емді сараптау және кедергі жағдайларын анықтау негізінде мониторинг жасалынды. Мониторинг және бағалау бөлімінің мамандары тарапынан жалпы тәжірибедегі дәрігерлерге методикалық кеңестер жүргізілді.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1289-2022-zhyldy-12-azan-almaty-alasy-db-shzh-ftiziopulmonologiya-ortaly-y-kmk-monitoring-zh-ne-ba-alau-b-limini-mamandary-mukhametkarim-yzy-elvira-zh-ne-bulumbaeva-gulnar-shzh-6-alaly-emkhanasy-mkk-da-monitoring-zh-rgizdi.html#sigFreeId5c55d480eb