2022 жылғы 29 қыркүйекте ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» МКК мамандары И. Жакенов атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханада «Плевриті дифференциалды диагностикалау. Туберкулезді диагностикалау мен өз уақытында анықтау. Қақырақ жинау алгоритмі» тақырыбында семинар өткізді. Семинарды дәрігер Тащанова Эльмира Қайырғалиқызы мен бас медбике Иманбекова Жанар Бексырғақызы және аға медбике Айтешова Күнжарқын Жанғазықызы өткізді. Семинарға 22 адам қатысты. Мамандар қойылған сұрақтарға кеңінен, қанағаттандырарлықтай жауаптар берді.