2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласы ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» МКК мамандары «Плевриті дифференциалды диагностикалау. Туберкулезді диагностикалау мен уақытылы анықтау. Қақырақ жинау алгоритмі» тақырыбында Алматы қаласы Психикалық сауықтыру орталығында жоспар бойынша семинар өткізді. Семинарды дәрігер-фтизиатр Имашева Гүлнар Жексенқызы мен аға медбике Қожақова Назгүл өткізді.Семинарға 45 адам қатысты. Семинар соңынан тест түрінде аттестациялау өткізілді.